Жалпыұлттық «BIRGEMIZ: SAÝLYQ» жобасы басталды


Дата: 24.06.2020

       Жақын арада еріктілер қозғалысының толқыны еліміздің 14 облысын және Нұр-Сұлтан, Алматы,  Шымкент қалаларын қамтиды. Медициналық көмекке мың ерікті қосылады. Олар ауыр науқастарға, соның ішінде хоспистерде, онкологиялық диспансерлерде көмек көрсете бастайды. Еріктілер салауатты өмір салтын насихаттайды, дәрі-дәрмектерді ұтымды пайдалану принциптерін үйретеді. "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғам еріктілерді 70-ке жуық грантпен ынталандырады, әрқайсысы 300 мың теңгеден.
"Birgemiz: Saýlyq " жобасы еріктілерді денсаулық сақтау саласына, науқастардың күтүміне көмек көрсетуге, соның ішінде хоспистерде, онкологиялық диспансерлерде және басқа да жерлерде көмек көрсетуге тартуға бағытталған. "Азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау" жобасының екінші бағытын Қазақстанның отбасылық дәрігерлер ассоциациясының Ақтөбе қаласындағы филиалы жүзеге асырады. Дәл осы қоғамдық бірлестік "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ жариялаған грантты ұсыну конкурсын жеңіп алды.
Жоба жетекшісі Татьяна Острецова әр облыс пен республикалық маңызы бар қалаларда өзінің координаторы анықталғанын, кеңесші-сарапшылар, жаттықтырушылар тағайындалғанын түсіндіреді. Жақында жобаның барлық қатысушыларының алғашкы онлайн-кездесуі өтті, оған жобаның орындаушылары, орталық басшылары мен өңірлік үйлестірушілері қатысты.       
     - Біздің ауқымды жоспарларымыз бар, және біз оларды жүзеге асыруға құлшыныспен қараймыз, - дейді Татьяна Петровна. - Жобаның барлық кезеңдері, мақсаттары мен міндеттері туралы қысқаша айтып берейін. Біріншіден, Алматы, Қызылорда және Петропавл қалаларында денсаулық сақтау саласындағы еріктілерді қолдау орталығы құрылады. Олардың міндеті - ерікті болғысы келетіндердің барлығына кеңестер беріп, кездесулер, тренингтер өткізу. Біз әртүрлі тақырыптарда вебинарлар өткіземіз. Мысалы, «Қазақстан Республикасындағы еріктілерді дамыту». Немесе «Салауатты өмір салтын насихаттауда және халықты дәрі-дәрмектерді ұтымды пайдалану қағидаттарына тәрбиелеудегі еріктілердің рөлі». Жасыратыны жоқ, бүгінде тұрғындар иммундық жүйені нығайтуға, жадты қалпына келтіруге немесе әр түрлі органдардың функцияларын қалпына келтіру максатымен дәрумендерді, тағамдық қоспаларды теріс пайдалануды үйренді. Мұның бәрін дәрілік заңсыздық деп атауға болады. Осыған дәлелді медицина бойынша кейбір дәрігерлердің сауатсыздық деңгейін, шындыққа ешқандай қатысы жоқ дәрі-дәрмектердің агрессивті жарнамасын қосыңыз. Азаматтардың сауатсыздығы кейде аллергиялық реакцияларға, антибиотиктерге тұрақтылық және ағзалардың уытты зақымдануына әкеледі. Әрине, бұл бағытта елімізде көптеген жұмыстар атқарылуда, қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр құрылды, осы нарықты реттейтін бірқатар бұйрықтар шығарылды. Алайда, адамның дәрілік заттарды тиімсіз пайдалану қауіптілігін түсінбесе жағдайды түзету мүмкін емес. Сондықтан халықтың қалың тобына білімді жеткізе алатын еріктілер тартылады.
     Острецованың айтуынша, «Паллиативті көмекке мұқтаж пациенттерге көмек көрсетуге еріктілердің қатысуы» атты вебинар өтеді. Оның айтуынша, ауруға уақытша жеңілдік беретін көмек көрсету деңгейі бойынша ДДСҰ сарапшылары 2018 жылы зерттеу жүргізген, сол зерттеу қорытындысы бойынша біздің ел 70 елдің арасында 50-ші орынға ие. 14 мұқтаж адамның тек 1-еуі жеткілікті түрде ауырсынуды басады, тиісті күтім және әлеуметтік-психологиялық қолдау алады.
      Сондай-ақ, семинар-тренингтер, әдістемелік ұсыныстар әзірлеу, бейнероликтер, буклеттер, жадынамалар, еріктілік қызметің үздік тәжірибелерінің жинақтарын шығару жоспарлануда. Бейресми жағдайда еріктілермен кездесулер тұрақты болады. Жоба барысында, яғни осы жылдың соңына дейін денсаулық сақтау саласының мемлекеттік органдармен тығыз байланыс сақталады.
      - Күзге жақын, біз азаматтардың денсаулықты сақтау саласындағы жергілікті мәселелерді шешудегі жеке күш-жігерін және еріктілердің бастамаларын қолдауға бағытталған шағын гранттар (әр грант 300 мың теңге көлемінде) беруге конкурс жариялаймыз. Бұл қаражат еріктілердің бастамаларын жүзеге асыру үшін, шығын материалдары үшін беріледі. 1000 азамат пен еріктілерді тарту және оқыту жоспарланған,кем дегенде 68 шағын грантты еліміздің барлық аймақтарында жүзеге асыру ойымызда, - деп хабарлайды Татьяна Острецова.