Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша семинар өткізілді.


Дата: 19.12.2019

"Қазақстан Республикасында паллиативті көмекті дамытудың 2019-2020 жылдарға арналған жол картасын іске асыру аясында Қазақстан отбасылық дәрігерлер ассоциациясының Ақтөбе облысындағы филиалы", Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша медицина қызметкерлерінің, психологтардың, әлеуметтік қызметкерлердің сапалы паллиативті көмекті ұйымдастырудағы білімі мен біліктілігін арттыру мақсатында семинар өткізілді. Семинар өткізу үшін паллиативтік көмекке әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеудің маңыздылығын ескере отырып, ҚазҒЗИ ОжР психологиялық-әлеуметтік көмек бөлімінің басшысы, психология ғылымдарының кандидаты И. Р. Хусаинова шақырылды. Семинар 2019 жылы 18, 19 желтоқсанда Марат Оспанов атындағы БҚМУ Ғылыми кеңес залында өтті.